Шардара ауданының 2016 жылға арналған бюджетінің орындалуы.

Версия для печати

І. Кірістер: Жергілікті  бюджет  жоспары жыл басында 1758,1 млн теңге  болып  бекітіліп, Шардара ауданының мәслихатының 2016 жылдың 18 қарашадағы №7-57-VI шешімімен 2300,4 млн теңгеге нақтыланды.

        2016 жылы жергілікті  бюджет жоспары 101,6 пайызға орындалды, жоспарланған  2300,4 млн теңгенің  орнына 2337,3 млн теңге  түсіп,  жоспардан  37,3 млн теңге  артық  түсті. 2016 жылдың қорытындысы бойынша екі салық түрінен жоспар орындалмады. Олар:

  • Кәсіпкерлік қызметімен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығының жоспары 52631,0 мың теңге, орындалғаны 52538,5 мың теңге,  яғни жоспар 99,8% орындалған.
  • Салықтық емес басқа да түсімдердің жоспары 7000,0 мың теңге, орындалғаны 6911,4 мың теңге, яғни жоспар 98,7 пайызға орындалған.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 539,0 млн теңгеге  салық  түсімдері артық өндірілді. (2337,3-1798,3млн тенге). 

Аудан бойынша 2016 жылды жергілікті  өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны  бақылау шоттарына 99360,5 мың теңге  түскен. Оның ішінде 96639,0 мың теңгесі трансфертік түсімдер, 2721,5 мың теңгесі өзге түсім көздерінен. 2016 жылы жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына түскен 99360,5 мың теңгенің 96639,6 мың теңгесі қала,ауыл округі орталықтарына абаттандыру, көгалдандыру, көшелерді жарықтандыру және санитариялық тазалық жұмыстарына жұмсалған.

         Күнделікті  салық  түсімдері  есепке  алынып,  жоспардың  орындалуы жан-жақты қадағаланды. Тапсырмалар  мерзімінде  орындалып, тиісті  есептер  уақытылы  жіберілді. 

     ІІ.Шығыстар.

Аудан бюджетінің шығындарының 2016 жылғы жоспары 8768,4 теңге көлемінде бекітіліп, жыл көлемінде 4 рет нақтыланып, бүгінгі таңға 13 039,6 млн теңге болып немесе 4 271,2 млн теңгеге ұлғайып жоспарланды.                                                

         Жыл соңына аталған 13 039,6 млн теңгенің  12 972,9млн теңгесі игеріліп, жоспар 99,5 пайызға орындалды. Игерілмеген қаржы 66,7 млн теңгені құрап отыр.

Оның ішінде  объективті себептермен 14,4 млн теңге,олар:

  1. Мемлекеттік қызметкерлерге 30 пайыздық үстемақыға РБ - дан бөлінген 0,9 млн теңге  үнемделуіне байланысты игерілмеген.
  2. 54-65 жас аралығындағы жұмыссыз азаматтарды қайта кәсіби даярлауға Ұлттық қордан бөлінген 1,7 млн теңгеге сұраныстар болмауына байланысты үнемделген.
  3. Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу бағдарламасынан 7,0 млн теңге үнемделуіне байланысты игерілмеген.
  4. Жетім балаларды асырап алғаны үшін біржолғы ақша қаражатын төлемдерге бөлінген 3,2 млн теңге сұраныстар болмауына байланысты үнемделген.
  5. Басқа да үнемделген қаржылар 1,6 млн теңге.

Субъективті себептермен 52,3 млн теңге,олар:

  1. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен Достық елді мекеніндегі Алатау батыр және Жәнібеков көшерелін жөндеуге бөлінген 16,7 млн теңге мемлекеттік сатып алу уақтылы өткізілмегендіктен игерілмеген.
  2. Ы.Алтынсарин мектебінің құрылысына бөлінген 1,7 млн теңге мемлекеттік сатып алу уақтылы өткізілмегендіктен игерілмеді.
  3. Қызылқұм ауылдық округі әкімдігінің ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген 1,0 млн теңге мемлекеттік сатып алу уақтылы өткізілмегендіктен игерілмеді.
  4. Көксу ауылын газдандыруға бөлінген 28,5 млн теңге қаржы жұмыс көлемінің орындалмауына байланысты игерілмеген.
  5. Шардара қаласындағы Мелдеби мөлтекауданын газдандыруға ЖСҚ әзірлеуге бөлінген 2,6 млн теңге қаржы жұмыс көлемінің орындалмауына байланысты игерілмеген.
  6. Шардара қаласындағы жаңа тұрғын үй массивін кәріз жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеуге бөлінген 1,3 млн теңге қаржы жұмыс көлемінің орындалмауына байланысты игерілмеген.
  7. Айдаркөл қашар елді мекенінің ауыз су құбырлары жүйесінің  құрылысына ЖСҚ әзірлеуге  0,5 млн теңге қаржы жұмыс көлемінің орындалмауына байланысты игерілмеген.              

 

Бөлім басшысы                             Н.Қалмұратов

 

ЖАРИЯЛАНҒАНЫ: 
13.02.2017-12:00:00