Хабарландыру 11 наурыз

Версия для печати

Азаматтардың көпшілігі өздерінің құқықтары бұзылған кезде кіммен байланысатындығын, оның сұрақтары қай мемлекеттік органның құзыретіне кіретінін және шағым беру тәртібін білмейді. Өтініштің қаралу нәтижесі оның дұрыс даярланғанына және оны тиісті органға жолдауына байланысты ауданда азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында ауданда «Adal kómek» жобасы іске асуда. Осыған орай әлеуметтік осал халыққа аса маңызды құқықтық мәселелер бойынша тұрақты түрде тегін кеңес беру үшін еріктілер ретінде әр аптаның сенбі күні сағат 10-13 аралығында мемлекеттік қызметшілер, Шардара аудандық Жұмыспен қамту орталығы, Шардара аудандық Жастар орталығының қызметкерлері тарапынан Шардара қаласы, Абай көш. 20 үй, Шардара аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің ғимаратында құқықтық көмек көрсетілетінін хабарлаймыз.

Аудан әкімі аппараты