«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

Версия для печати

Тақырыбы: «Алғашқы жарнаңызбен – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз!»

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 18 наурызында таңғы сағат 10.00-да Шымкент қаласы, Байдибек би даңғылы 45 «Ашық есік күні» шарасын өткізеді.

Басты мақсат – жаңа салымшыларды жинақтаушы зейнетақы жүйесі және Қор қызметтерімен таныстыру.

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға тиісті өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Қорға алғашқы жарна келіп түскен сәтте зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Бір жыл ішінде Қорда автоматты түрде 400 мыңдай жаңа зейнетақы шоты ашылды. Бұл шоттар иелерінің көпшілігі Қор филиалына алғаш рет келеді.

Қор мамандары Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі туралы әңгімелейді. Зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны есептейді және Қордың салымшылармен өзара әрекеттесу арналары және басқа да сұрақтар бойынша туралы жауап береді.    

Шараға қатысушылар тек күн тәртібіндегі тақырып бойынша ғана емес, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі, сондай-ақ өздерінің жинақтары туралы да сұрақтарға тиянақты жауаптар алады.

Шара соңында барлық қатысушыларға бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің ұсыныстары мен тілектерін білдіруге мүмкіндік беріледі.

«БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларды және қатысуға ниет білдірген барлық азаматтарды «Ашық есік күні» шарасына шақырады.